Ямаль демалысқа байланысты ережені бұзуға жақын қалды

Темирлан Мажекенов ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Испания құрамасының шабуылшысы Ламин Ямаль 2026 жылғы әлем чемпионаты кезінде демалыстан ұлттық құрама қонақүйіне кешігуге сәл қалды.

Бұл туралы Diario Sport басылымы X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

Футболшы белгіленген демалыс уақыты аяқталуына 5 минут қалғанда команда қонақүйіне жеткен. Егер ол кешігіп келген жағдайда, 2000 еуро көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр болатын еді. Бұл жаза Испания құрамасының ішкі тәртіп кодексіндегі ең қатаң шаралардың бірі саналады және командалық тәртіпті сақтауға бағытталған.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді. Бірінші тур қорытындысы бойынша Испания H тобында үшінші орында тұр. Алдағы матчтарда олар Сауд Арабиясымен (21 маусым) және Уругваймен (27 маусым) кездеседі.