Ямал жаттығуға қайта оралды

Темирлан Мажекенов ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Испания құрамасының вингері Ламин Ямаль жарақатына байланысты бірнеше апта алаңға шыға алмағаннан кейін жаттығуға қайта оралды. Ол 2026 жылғы әлем чемпионатындағы ұлттық құраманың алғашқы матчына қатысуы мүмкін.

Журналист Фабрицио Романо өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Ямальдың ойынға деген құлшынысы жоғары екенін және өзін өте жақсы сезініп жүргенін хабарлады.

Испания құрамасы турнирдегі алғашқы кездесуін 15 маусым күні Кабо-Верде  құрама командасына қарсы өткізеді.

Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика аумағында өтеді.

Қазіргі әлем чемпионы Аргентина ұлттық құрамасы. 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында аргентиналықтар Франция ұлттық құрамасымен кездескен болатын. Негізгі және қосымша уақыт 3:3 есебімен аяқталып, пенальти сериясында Аргентина құрамасы 4:2 есебімен жеңіске жеткен еді.