«Ақтөбе» бразилиялық жартылай қорғаушыдан бас тартты

Фото: «Ақтөбе» ФК
«Ақтөбенің» жаңа басшылығы алдағы жазғы трансферлік кезеңге даярланып, команда құрамын өзгерту бағытындағы жұмыстарын бастап кетті.
«Маған жеткен ақпарат бойынша, жақын арада клуб бразилиялық жартылай қорғаушы Жоао Гауденсиомен келісімшартты бұзады. 23 жастағы футболшы “ақ-қызылдар” сапына сәуір айының басында қосылғанымен, Қазақстан Премьер-лигасының матчтарына мүлде шақырылмаған. Соның нәтижесінде “Конкордия” академиясының түлегі ақтөбелік клуб сапында бірде-бір ресми ойын өткізген жоқ.
Сонымен қатар “Ақтөбе” трансферлік нарықта белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Клуб басшылығы бірден бірнеше шетелдік футболшымен келіссөз жүргізуде және жазғы трансферлік кезеңде құрамды айтарлықтай күшейтуді жоспарлап отыр», — деп хабарлайды AmanVIBE телеграм-арнасы.
Айта кетейік, ҚПЛ-2026 маусымындағы тоғыз матчтан кейін «Ақтөбе» 13 ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орында тұр.