Аргентина Мессидің қоштасу матчында Бенинді ірі есеппен жеңді

Фото: AFA
Лионель Месси Аргентина құрамасындағы 21 жылдық мансабын Бенинді 3:0 есебімен жеңумен аяқтады.
39 жастағы капитанның қоштасу матчы Буэнос-Айрестегі «Монументаль» стадионында өтті. Бірінші тайм голсыз аяқталғанымен, 48-минутта Месси бұрыштамадан пас беріп, Николас Отаменди есеп ашты. Кейін аргентиналық футболшы Нико Пасқа нәтижелі пас берді, ал 71-минутта өзі пенальтиден гол соқты.
Осылайша Месси халықаралық мансабын 208 матч, 126 гол және 70 нәтижелі пас көрсеткішімен аяқтады. Ол Аргентина құрамасының өткізген матчтары мен соққан голдары бойынша рекордшысы болып қала береді.
Еске салайық, Месси ұлттық құрамадағы дебютін 2005 жылдың тамызында Венгрияға қарсы жолдастық кездесуде жасады. Аргентина құрамасымен шабуылшы 2022 жылғы әлем чемпионатында, 2021 және 2024 жылдардағы Америка кубогында, сондай-ақ 2022 жылғы Финалиссимада жеңіске жетті.
2026 жылғы әлем чемпионатында Лионель Скалони бастаған Аргентина құрамасы финалға дейін жетіп, шешуші матчта Испаниядан 0:1 есебімен жеңілді.