Басты бет
·
Футбол

Месси Аргентина құрамасындағы соңғы матчын өткізуге дайындалуда

Бекарыс Әлімхан··
Фото: AFA

Фото: AFA

Лионель Месси Аргентина құрамасының сапына қосылып, ұлттық құрамадағы соңғы матчын өткізуге дайындалып жатыр.

Шабуылшы Аргентина құрамасының Эсейсадағы базасына келіп, командамен бірге жаттығуға кірісті. Месси үшін қоштасу матчы 7 қазанда Буэнос-Айрестегі «Монументаль» стадионында Бенин құрамасына қарсы өтеді.

Месси келгенге дейін Лионель Скалонидің шәкірттері әлем чемпионатынан кейін екі жолдастық кездесу өткізді. Аргентиналықтар Боливияны 4:0 есебімен жеңсе, кейін Буркина-Фасодан 7:0 есебімен басым түсті.

Еске салайық, Месси 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін халықаралық мансабын аяқтайтынын мәлімдеген еді. Ол Аргентина құрамасы сапында 207 матч өткізіп, 125 гол соққан. Ұлттық командамен бірге Месси 2022 жылғы әлем чемпионатында, 2021 және 2024 жылдардағы Америка кубогында және 2022 жылғы Финалиссимада жеңімпаз атанды.