Роналду Португалия құрамасындағы жағдайдан кейін Сауд Арабиясына оралды

Фото: FOX sports
Криштиану Роналду Португалия құрамасының орналасқан жерінен кеткеннен кейін Сауд Арабиясына оралды.
41 жастағы шабуылшы Мадридтен Эр-Риядқа жеке ұшақпен ұшып келді. Оның жұбайы Джорджина Родригес әлеуметтік желідегі парақшасында ұшақтағы және жұптың Сауд Арабиясының астанасына келгеннен кейінгі суреттерін жариялады. Енді Роналду «Әл-Наср» сапына қайта қосылуы тиіс.
Португалиялық футболшы құрамадан бас бапкер Жорже Жезушбен командадағы рөліне қатысты келіспеушіліктен кейін кеткен. Reuters агенттігінің мәліметінше, Жезуш пен Португалия футбол федерациясының президенті Педру Проэнса капитанды қалдыруға көндіру үшін Копенгаген әуежайына барған. Алайда Роналду шешімінен қайтпаған.
Осы жағдайдан кейін Роналдудың халықаралық мансабын аяқтауы мүмкін деген ақпарат тарады. Дегенмен футболшы ұлттық құрамадан кететінін ресми түрде мәлімдеген жоқ. Жезуш болса, шабуылшы үшін ұлттық құраманың есігі әрдайым ашық екенін айтты. Проэнса да Роналдудың Португалия құрамасының алдағы жоспарларында бар екенін атап өтті.
Айта кетейік, Роналду Португалия құрамасы сапында өткізген матчтар мен соққан голдар саны бойынша рекордшы саналады. Оның ұлттық құрамадағы көрсеткіші – 234 матч және 146 гол.