Басты бет
·
Футбол

Ұлттар лигасы: Зиркзее Нидерланд құрамасына Сербияны жеңуге көмектесті

Бекарыс Әлімхан··
Фото: KNVB Media

Фото: KNVB Media

Нидерланд құрамасы Ұлттар лигасындағы төртінші турда Сербияны 2:1 есебімен жеңді. Кездесу Эйндховен қаласында өтті.

Нидерландтар 31-минутта есеп ашты. Тён Копмейнерс айып добын орындап, допты қақпаға бағыттады. Алайда төрт минуттан кейін Сербия таразы басын теңестірді. Алекса Терзичтің берген пасын Михайло Цветкович қақпаға дәл бағыттап, есепті 1:1-ге жеткізді.

Жеңіс голы 71-минутта соғылды. Алаңға үзілістен кейін шыққан Джошуа Зиркзее Нидерланд құрамасының шабуылын жақын қашықтықтан дәл соққымен аяқтап, командасына жеңіс сыйлады.

Осы жеңістен кейін Нидерланд құрамасы төрт матчта сегіз ұпай жинап, топта көш бастап келеді. Грекияның да еншісінде сегіз ұпай бар. Германия бес ұпаймен үшінші орында тұр.

Ал Сербия төрт кездесудің барлығында жеңіліп, ұпайсыз топтың соңында қалды.

Ұлттар лигасы: Зиркзее Нидерланд құрамасына Сербияны жеңуге көмектесті – sport-hub