Аргентина құрамасының бас бапкері қызметіне үміткерлер белгілі болды

Фото: Getty Images
Мадридтің «Атлетико» клубының бас бапкері Диего Симеоне мен «Ривер Плейттің» бұрынғы жаттықтырушысы Марсело Гальярдо Аргентина құрамасының бас бапкері қызметіне негізгі үміткерлер қатарына енді.
Бұл туралы журналист Николо Скира хабарлады. Дереккөздің мәліметінше, Аргентина футбол қауымдастығы (AFA) Лионель Скалони 2026 жылдың соңына дейін есептелген келісімшарты аяқталғаннан кейін ұлттық құрамадан кететін жағдайда ықтимал кандидаттарды қарастырып жатыр.
Қазіргі таңда Марсело Гальярдо бұл қызметке басты фаворит саналады. Ал AFA басшылығы үшін ең ыңғайлы нұсқа – Диего Симеонені ұлттық құраманың тізгінін ұстауға шақыру.
Еске салайық, Лионель Скалони Аргентина құрамасын 2018 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның жетекшілігімен команда 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, Америка кубогын екі мәрте жеңіп алды. Сондай-ақ 2026 жылғы әлем чемпионатының финалына дейін жетіп, шешуші кездесуде Испанияға қосымша уақытта 0:1 есебімен жол берді.