Лионель Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: AFA

Фото: AFA

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатының финалынан кейін ұлттық құрамадағы мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады.

Журналист Эрнан Кастильоның мәліметінше, әлем чемпионатының финалы алдында Месси киім ауыстыратын бөлмеде командаластарына әсерлі сөз сөйлеп, бұл матчтың Аргентина құрамасы сапындағы соңғы ойыны болатынын жеткізген.

Финалда Аргентина құрамасы қосымша уақытта Испанияға 0:1 есебімен жол берді. Кездесудегі жалғыз голды 102-минутта Ферран Торрес соқты.

2026 жылғы әлем чемпионатында Месси сегіз матч өткізіп, 8 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.

39 жастағы шабуылшы Аргентина құрамасы сапында жалпы 207 матчқа қатысып, 125 гол мен 68 нәтижелі пастың авторы атанды.

Ұлттық құрамадағы мансабында Месси 2022 жылы әлем чемпионы атанып, екі мәрте Америка кубогын (2020, 2023) жеңіп алды. Сондай-ақ 2021 жылы Финалиссима турнирінің жеңімпазы болды.

Лионель Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтады – sport-hub