Арина Соболенкоға US Open-2026 финалынан кейін айыппұл салынды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Беларусь теннисшісі Арина Соболенко Елена Рыбакинадан US Open-2026 финалында жеңілгеннен кейін ракеткасын сындырғаны үшін 7,5 мың доллар көлемінде айыппұл арқалады.

Соболенконың әрекеті ракеткаға немесе спорттық жабдыққа қатысты орынсыз әрекет ретінде сараланды. Беларусь өкілі ракеткасын бірнеше рет кортқа ұрып, матч аяқталғаннан кейін оны біржола сындырып тастады.

Финалдан кейінгі баспасөз мәслихатында Соболенко бұл әрекетін жиналып қалған эмоциясын сыртқа шығарғысы келгенімен түсіндірді.

«Үшінші жыл қатарынан «Үлкен дулыға» турнирінде чемпион атануға тырысып, финалда жеңілген кезде эмоцияны бақылау өте қиын. Барлық эмоциямды сыртқа шығарғым келді. Өйткені оларды ішімде ұстасам, кортта да, осында да бір ауыз сөз айта алмас едім. Немесе жағымсыз бірдеңе айтып қояр едім. Сондықтан барлық агрессиям мен көңілсіздігімді сыртқа шығарғым келді», – деді Соболенко.

Еске салайық, шешуші матчта Рыбакина Соболенконы жеңді. Есеп – 6:4, 5:7, 6:2. Осылайша Қазақстан өкілі алғаш рет US Open чемпионы атанды.

Сонымен қатар қазақстандық теннисші WTA рейтингінің көшін бастады. Осылайша Соболенконың әлемдік рейтингтің бірінші сатысындағы 99 аптаға созылған сериясы үзілді.

Арина Соболенкоға US Open-2026 финалынан кейін айыппұл салынды – sport-hub