Соболенко жеңілістен кейінгі әрекеті үшін айыппұл арқалауы мүмкін

Али Асетов··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Арина Соболенко US Open-2026 финалындағы әрекеті үшін ақшалай айыппұл алуы мүмкін. Финалда Беларусь теннисшісі Қазақстан өкілі Елена Рыбакинадан жеңіліп қалды.

Шешуші кездесу Рыбакинаның 6:4, 5:7, 6:2 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Қазақстандық спортшы үшін бұл «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші чемпиондық атақ болды.

Матч аяқталғаннан кейін беларусьтік теннисші жеңіліске эмоциямен жауап берді. Ол өз орындығының жанында тұрған кезде ракеткасын сындырып, кейін өз эмоциясын түсіріп тұрған операторға балағат сөз айтты.

Бұл екі әрекет те «Үлкен дулыға» турнирлерінің ережелеріне сәйкес тәртіптік жазаға негіз болуы мүмкін. Yahoo Australia келтірген ақпаратқа сәйкес, ракетканы әдейі сындырғаны үшін спортшыға теориялық тұрғыда 50 мың долларға дейін айыппұл салынуы ықтимал. Алайда іс жүзінде айыппұл көлемі әдетте максималды сомадан төмен болады және нақты жағдайларға байланысты белгіленеді.

Тағы бір айыппұл балағат сөз қолданғаны үшін салынуы мүмкін. Басылымның мәліметінше, мұндай тәртіп бұзушылық үшін әдетте 3-5 мың доллар көлемінде айыппұл тағайындалады.

Әзірге US Open ұйымдастырушылары Соболенкоға қатысты қандай да бір шешім қабылдағанын ресми түрде хабарлаған жоқ. Дегенмен беларусьтік теннисшінің бұған дейінгі тәртіп бұзушылықтары оған кері әсер етуі мүмкін. Дереккөздің мәліметінше, ол 2025 жылғы Australian Open финалынан кейін, сондай-ақ 2023 жылғы US Open финалынан соң киім ауыстыратын бөлмеде ракеткасын сындырған.

Қайталанған тәртіп бұзушылық ықтимал айыппұл мөлшеріне әсер етуі мүмкін.

Соболенко жеңілістен кейінгі әрекеті үшін айыппұл арқалауы мүмкін – sport-hub