«Бүкіл Қазақстан сізді мақтан тұтады»: Тоқаев Рыбакинаны US Open жеңісімен құттықтады

Aibar Rysdaulet··
Фото: LightRocket

Фото: LightRocket

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны US Open-2026 турниріндегі жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы қазақстандық теннисшінің кәсіби шеберлігі мен мақсатына берік екенін атап өтті.

Тоқаев Рыбакинаның жеңісі Қазақстан спорты үшін маңызды жетістік екенін айтып, оның әлемнің бірінші ракеткасы деген мәртебесін лайықты түрде дәлелдегенін жеткізді.

Президент өз құттықтауында: «Бұл үлкен жетістік Сіздің әлемнің бірінші ракеткасы атануға лайық екеніңізді тағы бір дәлелдеді. Сіз шынайы кәсібилігіңізді, мақсатыңызға деген беріктігіңізді және алаңдағы жоғары мәдениетіңізді тағы бір мәрте көрсеттіңіз. Бүкіл Қазақстан Сіздің жетістіктеріңізді мақтан тұтады! Бұл әсерлі жеңісіңіз жаңа спорттық жеңістерге жол ашсын. Ал шеберлігіңіз Қазақстанның жас теннисшілеріне үлгі болсын», - деп жазды.

US Open-2026 финалында Елена Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенконы үш сетте 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді. Бұл қазақстандық теннисшінің US Open турниріндегі алғашқы чемпиондығы болды.

Бұған дейін Рыбакина 2022 жылы «Уимблдонда», ал 2026 жылы Australian Open турнирінде жеңіске жеткен еді. Осылайша оның «Үлкен дулыға» жарыстарындағы титул саны үшке жетті.

Image placeholder
Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны US Open-2026 турниріндегі жеңісімен құттықтады – sport-hub