«Осы сәттерді бірге бөліскім келеді»: Елена Рыбакина Қазақстанға үндеу жасады

Aibar Rysdaulet··
«Осы сәттерді бірге бөліскім келеді»: Елена Рыбакина Қазақстанға үндеу жасады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-дағы жеңісінен кейін өзіне қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғысын айтты. Ол бұл тарихи жетістігін Қазақстандағы жанкүйерлерімен бірге атап өткісі келетінін жеткізді.

Журналистің отандастарына жолдайтын хабары туралы сұрағына Рыбакина ең алдымен өзін қолдап, сенім білдірген барша адамға алғыс айтты:

«Ең алдымен, маған көрсеткен қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз үшін баршаңызға үлкен рақмет айтқым келеді. Қазақстанға баруды жоспарлап отырмын. Маған қолдау көрсетіп, ойындарымды бақылап жүрген барлық адамдармен осы сәттерді бірге бөліскім келеді. Әсіресе балалармен», - деді Рыбакина.

Теннисші өз жетістіктерінің балалардың осы спорт түріне қызығушылығын арттырып жатқанын да атап өтті. Оның айтуынша, қазір теннис орталықтарына келетін балалардың саны көбейіп жатыр:

«Мен үнемі айтып жүремін, қазір теннис орталықтарына көптеген бала келіп жатыр. Олардың бәрі теннис ойнағысы келеді. Меніңше, бұл өте жақсы. Еліміздің осындай жетістігін бәріміз бірге атап өтсек деймін», - деді қазақстандық спортшы.

Еске салайық, Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінде жеңіске жетіп, мансабындағы үшінші «Үлкен дулыға» титулын жеңіп алды. Осы жетістіктен кейін қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді.