Елена Рыбакина US Open-2026 жеңісінен кейін тарихи рекорд орнатты

Aibar Rysdaulet··
Фото: Sky Sports

Фото: Sky Sports

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің чемпионы атанып, рекордтық жүлде қорының иегері болды. Ол «Үлкен дулыға» жарысындағы жеңісі үшін 5,5 миллион АҚШ долларын алды.

Бұл сома теннис тарихында бір турнирдегі жеңіс үшін берілген ең жоғары сыйақы болды. Осылайша Рыбакина бір жарыстағы жүлде қоры бойынша жаңа рекорд орнатты.

Бұған дейінгі рекорд та қазақстандық теннисшіге тиесілі еді. 2025 жылы Рыбакина WTA қорытынды турниріндегі жеңісі үшін 5,235 миллион доллар алған болатын. Жаңа көрсеткіш алдыңғы рекордтан 265 мың долларға көп.

US Open-2026 Рыбакина үшін биылғы маусымдағы «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі екінші жеңісі болды. Қаңтар айында ол Australian Open турнирінде чемпион атанса, сәуірде Штутгарттағы WTA жарысында топ жарды.

Елена Рыбакина US Open-2026 жеңісі үшін рекордтық 5,5 миллион доллар алды – sport-hub