Елена Рыбакина мансабындағы үшінші «Үлкен дулыға» турнирінде жеңіске жетті

Каирбек Тулегенов ··
Фото: usopen.org

Фото: usopen.org

Қазақстандық әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің әйелдер арасындағы жекелей сындағы финалында Беларусь теннисшісі, WTA рейтингінің көшбасшысы Арина Соболенконы жеңді.

Кездесу 2 сағат 23 минутқа созылып, 6:4, 5:7, 6:2 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды. Рыбакина мансабында алғаш рет US Open финалына шығып, турнирдің екі дүркін қазіргі чемпионы Арина Соболенконы жеңді.

Осы жеңістен кейін Рыбакинаның Соболенкоға қарсы жеке кездесулеріндегі есеп 8:10 болды.

Сонымен қатар Елена Рыбакина бұл жеңісі арқылы мансабындағы үшінші «Үлкен дулыға» титулын жеңіп алды. Қазақстандық теннисші АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісі үшін 5,5 миллион доллар көлемінде жүлде алады.

Бұған дейін ол 2022 жылы Уимблдон чемпионы атанса, биыл Мельбурнде өткен Australian Open турнирінде жеңіске жеткен еді.

Айта кетейік, 14 қыркүйекте Рыбакина алғаш рет WTA рейтингін бастап, әлемнің бірінші ракеткасы атанады. Бұған дейін Қазақстанның бірде-бір өкілі мұндай жетістікке жеткен емес.

Елена Рыбакина мансабындағы үшінші «Үлкен дулыға» турнирінде жеңіске жетті – sport-hub