Арман Оспанов Шымкентте басшылық қызметке тағайындалды

Фото: «Хабар 24»
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман Оспанов Шымкент қаласының күрес федерациясының вице-президенті болып тағайындалды.
Оспанов жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем чемпионы және әлем кубогының үш дүркін иегері. Сондай-ақ оның бразилиялық джиу-джитсудан Азия чемпионы деген екі атағы бар.
36 жастағы спортшының ММА-дағы кәсіби рекорды — 11 жеңіс және бес жеңіліс. Оспанов соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың 28 қаңтарында Майамиде өткен Eagle FC 44 турнирінде өткізді. Қазақстандық спортшы француз Дилан Сальвадордан техникалық нокаутпен жеңілді. Жекпе-жектің екінші раунды аяқталғаннан кейін Оспанов кездесуді жалғастырудан бас тартқан.
«Сұңқар» мансабында PFL, ACA, Eagle FC және Alash Pride ұйымдарында өнер көрсетті. Әр жылдары Оспанов америкалық жаттықтырушы Грег Джексонның академиясында UFC-дің бұрынғы чемпиондары Джон Джонс және Андрей Орловскиймен бірге жаттыққан.