«Арсенал» капитанын сатуы мүмкін

Фото: Getty Images
Лондондық «Арсенал» команда капитаны Мартин Эдегормен осы трансферлік кезеңде қоштасу мүмкіндігін қарастырып отыр.
TEAMtalk мәліметінше, «канонирлер» ойын стиліндегі жоғары қарқын мен белсенді прессингті сақтап қалу үшін орталық аймақта өзгерістер жасауды жоспарлап отыр. Осыған байланысты клуб 27 жастағы норвегиялық жартылай қорғаушыға түскен ұсыныстарды қарастыруға дайын.
Хабарға сәйкес, егер үміткер клубтардың бірі Эдегор үшін 75 миллион фунт стерлинг ұсынса, келіссөздер белсенді кезеңге өтуі мүмкін. Қазіргі таңда ешбір команда «Арсеналға» бұл талапқа сай ұсыныс жасаған жоқ.
Өткен маусымда Эдегор барлық турнирде 36 матч өткізіп, бір гол соқты және сегіз нәтижелі пас берді. Оның лондондық клубпен келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt бағалауы бойынша, футболшының трансферлік құны 70 миллион еуроны құрайды.
Сонымен қатар «Арсенал» кадрлық қиындықтарға тап болды. Бұған дейін клубтың баспасөз қызметі орталық қорғаушы Вильям Салибаның белінен алған жарақатына байланысты белгісіз мерзімге қатардан шыққанын хабарлаған еді.