«Арсенал» Испания құрамасы шабуылшысының трансферін қарастыруда

Бегасыл Амирбай ··
Фото: RFEF

Фото: RFEF

Лондонның «Арсенал» клубы «Реал Сосьедад» пен Испания құрамасының шабуылшысы Микель Оярсабальды қатарына қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл трансфер клуб Хулиан Альваресті сатып ала алмаған жағдайда жүзеге асуы мүмкін.

Журналист Экрем Конурдың мәліметінше, лондондық клубтың басшылығы 29 жастағы испаниялық шабуылшыны шабуыл шебін күшейтуге үміткер ойыншылар тізіміне енгізген. Дегенмен «Арсеналдың» басты трансферлік мақсаты әлі де Хулиан Альварес болып қала береді.

Оярсабальға деген қызығушылық оның клубтық және халықаралық деңгейдегі сәтті маусымынан кейін артқан. Ол Испания чемпионатында 15 гол соғып, ал 2026 жылғы әлем чемпионатында Испания құрамасының үздік сұрмергені атанды. Турнирде бес гол соғып, командасының әлем чемпионы атануына елеулі үлес қосты.

«Реал Сосьедад» капитанының келісімшартында 75 миллион еуро көлеміндегі өтемақы қарастырылған. Егер «Арсенал» шабуылшыны сатып алуға шешім қабылдаса, дәл осы соманы төлеуге тиіс болады.