Микель Оярсабаль Францияны жеңгеннен кейін: «Тағы бір ғана қадам қалды»

Фото: RFEF
Испания құрамасының шабуылшысы Микель Оярсабаль 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Францияны (2:0) жеңген ойын туралы пікір білдірді.
Дәл осы кездесуде есепті алғаш болып Оярсабаль ашып, испан командасының жеңісіне жол салды.
«Бұл – керемет сезім, маған зор қуаныш сыйлайды. Ойынның қиын болатынын білдік. Франция кеңістікті пайдалана алса, өте қауіпті команда, бірақ допты бақылауда ұстасақ, оларға қиындық туғыза алатынымызды түсіндік. Қазір осы сәттен ләззат алу керек. Шешуші матч алдында барынша жақсы қалпына келуіміз қажет. Алда тағы бір ғана қадам қалды. Осындай ойыннан кейін шаршау бар, бірақ мен бақыттымын және осы командамен мақтанамын. Бұл – бүкіл команданың еңбегі. 50 күнді бірге өткізу жақсы атмосферасыз мүмкін болмас еді», – деп келтіреді AS басылымы ойыншының сөзін.
Еске салсақ, Испания құрамасы бұған дейін H тобында бірінші орынмен шыққан. Плей-офф кезеңінде олар Австрияны (3:0), Португалияны (1:0) және Бельгияны (2:1) жеңді. Команданың үздік сұрмергені – Оярсабаль, ол жеті матчта бес гол соғып, бір нәтижелі пас берген.
2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испания құрамасы Англия – Аргентина жұбының жеңімпазымен кездеседі. Финалдық матч 20 шілдеде өтеді.