Испания құрамасы 16 жылдан кейін алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты
Бөлісу

Фото: RFEF
Испания құрамасы 2010 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты. Жартылай финалда олар Францияны 2:0 есебімен жеңді.
Соңғы рет испандықтар мундиаль финалында 2010 жылы ойнаған. Ол кезде Оңтүстік Африкада өткен турнирде Испания құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионы атанып, Нидерландыны 1:0 есебімен жеңген еді.
Еске салсақ, бұған дейін Испания құрамасы H тобынан бірінші орынмен шыққан. Плей-офф кезеңінде команда Австрияны (3:0), Португалияны (1:0) және Бельгияны (2:1) жеңді. Команданың үздік бомбардирі – шабуылшы Микель Оярсабаль: ол жеті матчта бес гол соғып, бір нәтижелі пас берген.
2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испания құрамасы Англия – Аргентина жұбының жеңімпазымен кездеседі. Матч 20 шілдеде өтеді.