Унаи Симон әлем чемпионаттарында Касильястың рекордын жаңартты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: RFEF

Фото: RFEF

Испания құрамасының қақпашысы Унаи Симон Францияны (2:0) жеңгеннен кейін әлем чемпионаттарындағы «құрғақ» матчтар саны бойынша ұлттық құраманың рекордын жаңартты.

Бұл кездесу Симон үшін мундиальдардағы қақпасына гол жібермеген сегізінші ойын болды. Бұған дейінгі рекорд Испания құрамасының аңыз қақпашысы Икер Касильясқа тиесілі еді. Ол әлем чемпионаттарында жеті рет «құрғақ» ойын өткізген.

Жалпы, Симон Испания құрамасы сапында 65 матч өткізіп, оның 30-ында қақпасын голдан аман сақтаған. Ұлттық командамен бірге ол 2023 жылы Ұлттар лигасының трофейін жеңіп алған.

2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испания құрамасы Англия – Аргентина жартылай финал жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ойын 20 шілдеде өтіп, Қазақстан уақыты бойынша 00:00-де басталады.

Унаи Симон әлем чемпионаттарында Касильястың рекордын жаңартты – sport-hub