«Арсенал» Мартинелли кеткен жағдайда Пайшаоны қарастырып жатыр
Бөлісу

«Марсель» ФК
«Марсель» қанат ойыншысы Игор Пайшао «Арсеналда» Габриэл Мартинеллидің орнын басуы мүмкін үміткерлердің қатарына кірді.
LePetitOM мәліметінше, лондондық клуб Мартинеллидің «Аль-Хиляльге» ауысуы мүмкін екеніне байланысты шабуылдың сол қанатын күшейтудің түрлі нұсқаларын қарастырып жатыр. Қазіргі таңда «Арсенал» мен саудиялық клуб арасындағы келіссөздер ілгері кезеңге жеткен.
Еске салайық, Пайшао 2025 жылдың жазында «Фейеноордтан» «Марсельге» ауысып, бес жылдық келісімшартқа қол қойған. Франциялық клубтағы алғашқы маусымында бразилиялық қанат ойыншысы барлық турнирде 43 матч өткізіп, 12 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.
Қазіргі таңда «Марсель» Пайшао үшін кемінде 50 миллион еуро алуды көздеп отыр.