«Арсенал» шабуылшысы АПЛ-дағы басқа клубқа ауысуы мүмкін
Бөлісу

«Арсенал» ФК
«Эвертон» мен «Ипсвич» «Арсеналға» 29 жастағы бразилиялық шабуылшы Габриэл Жезустың ықтимал трансферіне қатысты ұсыныс жасады.
Sky Sports мәліметінше, қос клуб та форвардты сатып алудың шарттарын анықтап жатыр. Жезус «Арсеналдан» кеткен жағдайда, мансабын АПЛ-да жалғастыруды жөн көреді. Бұған дейін бразилиялық футболшыға «Наполи» де қызығушылық танытқан.
Жезус 2022 жылдың жазынан бері «Арсенал» сапында өнер көрсетіп келеді. Ол лондондық клубқа «Манчестер Ситиден» ауысқан болатын. Осы уақытқа дейін бразилиялық «Арсенал» үшін 123 матч өткізіп, 32 гол соғып, 18 нәтижелі пас берген.
Айта кетейік, Англия Премьер-лигасының алғашқы турында «Арсенал» 22 тамызда «Ковентриге» қарсы ойнайды.