«Арсенал» ПСЖ вингері Барколяны сатып алуы мүмкін

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Лига 1

Фото: Лига 1

ПСЖ вингері Брэдли Барколя мансабын Англия Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін. Франциялық футболшыға лондондық «Арсенал» қызығушылық танытып отыр.

Fichajes мәліметінше, Лондон клубы 23 жастағы ойыншыны жазғы трансферлік кезеңде сатып алу мүмкіндігін қарастыруда. «Арсенал» Барколя үшін шамамен 80 миллион еуро төлеуге дайын.

Франциялық футболшы ПСЖ сапына 2023 жылы «Лионнан» ауысқан еді. Ол кездегі трансфер құны 45 миллион еуроны құрады. Ойыншының Париж клубымен келісімшарты 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Өткен маусымда Барколя барлық турнирде 49 матч өткізіп, 13 гол соқты және жеті нәтижелі пас берді.

«Арсенал» ПСЖ вингері Барколяны сатып алуы мүмкін – sport-hub