Италия құрамасы жолдастық матчта жеңіске жетті

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Италия құрамасы жолдастық кездесуде Люксембургтен басым түсті. Матч тағдырын екінші таймда соғылған жалғыз гол шешті.

Люксембургте өткен ойын қонақтар пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Жеңіс голының авторы Франческо Пио Эспозито болды. Ол кездесудің 49-минутында мергендік танытты.

8 маусым күні Италия құрамасы Грекиямен жолдастық матч өткізеді. Ал Люксембург бір күн бұрын Албания құрамасымен кездеседі.

Еске салайық, Италия құрамасы іріктеу плей-офф кезеңінде Босния және Герцеговинадан жеңіліп, 2026 жылғы әлем чемпионатынан қалыс қалды. Осылайша, италиялықтар әлем чемпионатының финалдық кезеңін қатарынан үшінші рет өткізіп алады.

Италия құрамасы жолдастық матчта жеңіске жетті – sport-hub