Польша мен Нигерия құрамалары жолдастық матчта тең түсті
Бөлісу

Фото: Cyfrasport
Польша мен Нигерия құрамалары жолдастық кездесуде жеңімпазды анықтай алмады. Варшава қаласында өткен матч 2:2 есебімен аяқталды.
Қонақтар 23-минутта Терем Моффидің голынан кейін есеп ашты. Бірінші тайм аяқталар тұста Каспер Потульски таразы басын теңестірді.
Екінші таймда нигериялықтар тағы да алға шықты. 77-минутта Пол Онуачу пенальтиден мүлт кетпей, өз командасын есепте алға шығарды. Алайда матчтың соңғы минуттарында Пшемыслав Вишневски алаң иелерінің екінші қарымта голын соғып, Польша құрамасын жеңілістен құтқарып қалды.
Айта кетейік, екі құрама да 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама ала алмады. Әлем чемпионаты 12 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.