«Галатасарай» Рафаэл Леауды өз қатарына қосуды көздеп отыр

Фото: «Милан» ФК
Португалиялық вингер Рафаэл Леау мансабын Түркия чемпионатында жалғастыруы мүмкін. Футболшыға түрік футболының патшасы – «Галатасарай» клубы қызығушылық танытып отыр.
Даниэле Лонгоның хабарлауынша, Ыстанбұл клубы 26 жастағы ойыншыға маусымына сегіз миллион еуро жалақымен келісімшарт ұсынған. Сонымен қатар екі миллион еуро көлемінде бонустар төлеу көзделген.
«Милан» Леаудың трансферінен шамамен 60 миллион еуро табыс табуды жоспарлап отыр. Бұған дейін португалиялық футболшы жазғы трансферлік кезеңде италиялық клубтан кеткісі келетінін мәлімдеген еді. Өткен маусымда Леау барлық турнирде 31 матч өткізіп, 10 гол соқты және үш нәтижелі пас берді.
Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының нарықтық құны 50 миллион еуроға бағаланып отыр.