«Арсенал» «Реалдың» көшбасшысымен келісімге келді

Фото: Daily
Мадридтің «Реал» клубының шабуылшысы Винисиус Жуниор мансабын Англия Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін.
Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, «Арсенал» бразилиялық футболшымен жеке келісімшарт талаптарын алдын ала келісіп қойған.
Енді Винисиустың өкілдері ықтимал трансфер бойынша «Реалмен» келіссөздерді бастамақ. «Арсенал» басшылығы мадридтік клубты негізгі ойыншыларының бірін жіберуге көндіру үшін ірі ұсыныс дайындап жатыр.
Бұған дейін тараптардың келісімшартты ұзарту мәселесінде қиындықтарға тап болғаны айтылған еді. «Реал» мен Винисиус жаңа келісім шарттарына қатысты ортақ мәмілеге келе алмай отыр, бұл бразилиялықтың кетуі мүмкін деген қауесеттерді күшейтті.
Өткен маусымда Винисиус Жуниор нәтижелі ойын көрсетіп, барлық турнирде 22 гол соқты. Алайда «Реал» маусымды трофейсіз аяқтап, чемпионатта екінші орын алды.