Басты бет
·
Жекпе-жек түрлері

Аруна Жангельдина әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Аруна Жангельдина Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы кезеңінен өте алмады.

78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз алғашқы белдесуінде финляндиялық Эмма Крапумен кездесіп, жеңіліп қалды.

Айта кетейік, биыл сәуір айында Аруна Жангельдина Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алған еді. Сондай-ақ оның еншісінде 2025 жылы Эр-Риядта өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын жүлдесі бар.

Әлем чемпионатының алтыншы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында бір медаль қалды. Бұған дейін Шерзод Давлатов 60 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанған болатын.

Еске салайық, дзюдодан әлем чемпионаты Бакуде 4-11 қазан аралығында өтеді. Жеке жарыстар 10 қазанда аяқталады, ал соңғы күні аралас командалық турнир ұйымдастырылады.