Басты бет
·
Жекпе-жек түрлері

Қайролла дзюдодан әлем чемпионатында 1/8 финалда жеңілді

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Жалғас Қайролла Бакуде өтіп жатқан дзюдодан 2026 жылғы әлем чемпионатындағы дебюттік жарысын 1/8 финалда аяқтады. Ол 81 келіге дейінгі салмақта белдесті.

22 жастағы қазақстандық турнирдегі алғашқы кездесуінде түркиялық Эрман Гюргенді жеңді. Қайролла «юко» бағасын алып, белдесуді «иппонмен» аяқтады. Ал қарсыласы «ваза-ари» бағасына ие болды. Екінші белдесуінде қазақстандық дзюдошы Бахрейн өкілі Аскербий Гербековті әдемі лақтыру арқылы «иппонмен» мерзімінен бұрын жеңді.

Биыл Қайролла мамыр айында отандық Grand Slam Qazaqstan Barysy турнирінде жеңімпаз атанды. Сонымен қатар маусымда Ұланбатырдағы жарыста жетінші орын алды.

Айта кетейік, дзюдодан 2026 жылғы әлем чемпионаты Бакуде өтіп жатыр.