Аружан Сағындықова Астанадағы ITF турнирінің финалына дейін жетті
Бөлісу

Фото: КТФ
Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова Астанада өткен ITF W15 санатындағы халықаралық турнирде жұптық сында финалға дейін жетті.
Қазақстандық спортшы жұптық жарыста ресейлік Дарья Зелинскаямен бірге өнер көрсетті. Финалда олар жапониялық Юка Хосоки мен Киса Йошиокаға қарсы ойнады.
Шешуші кездесу тартысты өтіп, жеңімпаз супер тай-брейкте анықталды. Нәтижесінде жапониялық жұп 4:6, 6:3, 10:7 есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанды. Осылайша, Сағындықова мен Зелинская турнирді күміс жүлдемен аяқтады.
Ал жекелей сында Аружан алғашқы айналымнан аса алмады. Ол Оңтүстік Корея өкілі Ха Ым Лиге екі сетте 1:6, 2:6 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, ITF W15 санатындағы халықаралық әйелдер турнирі Астанада хард жабындысындағы корттарда өтті.