Басты бет
·
Футбол

«Арыс» Бірінші лигада «Елімай Ж» командасын жеңді

Али Асетов··
«Арыс» ФК

«Арыс» ФК

«Арыс» Қазақстан чемпионаты Бірінші лигасының 24-туры аясында Семейде «Елімай Ж» командасын жеңіп, үш ұпайға ие болды.

Қонақтар матчты сенімді бастап, бірінші тайм аяқталғанша екі гол соқты. 14-минутта Асхат Жанбырбай есеп ашса, 29-минутта Бекзат Мансуров «Арыстың» басымдығын еселей түсті.

Екінші тайм басталысымен «Елімай Ж» ойын барысын тез өзгерте алды. 46-минутта Артем Жилин есеп айырмасын қысқартса, араға тоғыз минут салып Нұрасыл Советқазы таразы басын теңестірді – 2:2.

Кездесудің шешімі ойын соңында белгілі болды. 77-минутта Қажымұқан Қуатбекұлы «Арысты» қайтадан алға шығарды. Қалған уақытта семейлік команда есепті теңестіре алмады.

Бірінші лига, 24-тур

«Елімай Ж» – «Арыс» – 2:3

Голдар: 14, Жанбырбай, 29, Мансуров, 46, Жилин, 55, Советқазы, 77, Қуатбекұлы.

Осы жеңістен кейін «Арыс» 27 ұпаймен Бірінші лига кестесінде тоғызыншы орында келеді. «Елімай Ж» 12 ұпаймен соңғы орында қалды.

Командалар келесі матчтарын 15 қазанда өткізеді. Семейлік клуб сырт алаңда «Астана М» командасымен кездессе, «Арыс» өз алаңында «Академия Онтустикті» қабылдайды.