«Қайрат» Жоржиньомен жаңа келісімшарт жасасты

«Қайрат» ФК
Алматылық «Қайрат» португалиялық шабуылшы Жоржиньомен келісімшартты ұзартты.
Клуб 28 жастағы футболшымен жаңа келісімге келгенін хабарлады. Келісімшарт 2027 жылдың соңына дейін жасалды.
Осылайша, қазіргі таңда алаңға шыға алмай жүрген Жоржиньо команда сапына қайта оралып, өнер көрсетуін жалғастырады деп күтілуде.
2026 жылғы маусымда португалиялық шабуылшы 23 ресми матчқа қатысып, тоғыз гол соқты және үш нәтижелі пас берді.
Қазір футболшы жарақатына байланысты қатардан тыс қалды. Ол 26 шілдеде ауыр жарақат алып, ұзақ уақытқа қалпына келуге мәжбүр болды. Қазіргі уақытта Жоржиньо оңалту жұмыстарын жалғастырып жатыр.
«Қайрат» Қазақстан чемпионатындағы жоғары орындар үшін күресін жалғастыруда. 26 турдан кейін алматылық клуб 56 ұпай жинап, ҚПЛ-2026 турнирлік кестесінде екінші орында келеді.
Сонымен қатар, алматылық команданы еурокубоктағы ойындар күтіп тұр. Рафаэль Уразбахтин шәкірттері Конференция лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсетуге дайындалып жатыр.
«Қайрат» келесі ресми матчын 10 қазанда өткізеді. Алматылықтар өз алаңында «Жетісуды» қабылдайды.