AS басылымы Конате туралы «Реалдың» ұстанымын анықтады
Бөлісу

Фото: «Ливерпуль» ФК ресми сайты
Испаниялық AS басылымының мәліметінше, мадридтік «Реал» бұрын «Ливерпульде» ойнаған орталық қорғаушы Ибраима Конатеге қызығушылық танытып отыр.
Дереккөзге сенсек , «корольдік клуб» франциялық футболшының жағдайын мұқият бақылауда ұстап отыр. Алайда әзірге оны қатарға қосу үшін нақты қадамдар жасаған жоқ.
31 мамыр күні «Ливерпуль» Конатенің келісімшарты аяқталғанын ресми түрде жариялады. Франциялық қорғаушы мерсисайдтық клубқа 2021 жылдың жазында «РБ Лейпцигтен» ауысып барды. Ол ағылшын командасы сапында жалпы саны 183 матч өткізіп, жеті гол соқты.
Айта кетейік, бұған дейін «Ливерпуль» клубы Арне Слоттың бас бапкер қызметінен кеткенін хабарлаған еді.