«Астана» 2026 жылғы аңызға айналған «Тур де Франс» жарысын бастайды
Бөлісу

Фото: XDS-Astana Team
4 шілдеде әлемдік велоспорттағы ең басты оқиға саналатын әйгілі көпкүндік «Тур де Франс» жарысының 113-ші маусымы басталады.
Биылғы маусымда беделді Гранд-турға 23 команда қатысады, олардың қатарында қазақстандық XDS Astana Team де бар.
Әлемдегі ең беделді жарыстардың бірінде «Астана» командасының намысын Давиде Баллерини, Аарон Гейт, Серхио Игита, Макс Кантер, Харольд Техада, Майк Тениссен, Симоне Веласко және қазақстандық велошабандоз Николя Винокуров қорғайды.
Биыл «Үлкен ілмек» жарысы Испанияның Барселона қаласында басталады. Үш апта ішінде қатысушылар Испания мен Франция жолдары арқылы жалпы 3321,2 шақырымды еңсеруі тиіс.