Астана алғаш рет жағажай волейболынан Қазақстан чемпионатын қабылдайды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: ain.astana.kz

Фото: ain.astana.kz

Астана алғаш рет ересектер арасында жағажай волейболынан Қазақстан чемпионатын қабылдайды.

Ұлттық чемпиондық атақ үшін еліміздің сегіз өңірінен келген 14 жұп бақ сынайды. Ерлер мен әйелдер арасындағы турнирлер «Дәулет» теннис орталығының жағажай волейболы алаңдарында өтеді.

Қазақстан чемпионаты 11-13 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады. Алдағы турнир ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының төртіншісі болмақ. Алайда бұл жарыс алғаш рет елордада өтеді. Жарыс қорытындысы бойынша елдегі ең мықты ерлер және әйелдер жұптары анықталады.

Айта кетейік, чемпионатты Қазақстанның волейбол федерациясы, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Астана қаласының әкімдігі және қалалық волейбол федерациясы ұйымдастырып отыр. Турнирге «Самұрық-Қазына» қоры мен туризм және спорт индустриясын қолдау қоры қолдау көрсетуде.

Астана алғаш рет жағажай волейболынан Қазақстан чемпионатын қабылдайды – sport-hub