Қазақстан құрамасы Орталық Азия чемпионатын жеңіспен бастады
Бөлісу

Фото: CAVA
Қазақстанның ерлер волейбол құрамасы Пәкістанның Исламабад қаласында өтіп жатқан Орталық Азия чемпионатындағы алғашқы ойынын өткізді.
Бастапқы матчта Қазақстан құрамасы Непалды 3:2 (25:19, 25:21, 32:34, 19:25, 15:9) есебімен жеңді.
Топтық кезеңде қазақстандықтар тағы төрт матч өткізеді. 23 шілдеде команда Өзбекстанмен, 24 шілдеде Бангладешпен кездеседі. 26 шілдеде Шри-Ланкамен ойнаса, 27 шілдеде Пәкістанға қарсы матч өткізеді. Турнир регламентіне сәйкес, алты команданың төртеуі жартылай финалға шығады.
Өткен жылы бұл турнирде Қазақстан құрамасы төртінші орын алып, қола медаль үшін матчта Пәкістаннан жеңілген еді.