Қазақстан жасөспірімдер құрамасы волейболдан Азия чемпионатында Австралияны жеңді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: AVC

Фото: AVC

Волейболдан Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Қытайдың Хайкоу қаласында өтіп жатқан U18 Азия чемпионатында 13–16 орындар үшін жұбаныш кезеңіндегі матчта Австралияны жеңді.

Австралияға қарсы кездесуде қазақстандықтар 3:1 есебімен басым түсті (25:23, 27:25, 22:25, 25:22). Осы нәтижесінің арқасында құрама 15-орын үшін матчқа қатысудан құтылды.

Азия чемпионатындағы соңғы ойында Қазақстан құрамасы Қырғызстанмен кездеседі. Командалар топтық кезеңде де ойнаған, ол кезде Қазақстан 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Айта кетейік, Хайкоудағы турнир 18 шілдеде аяқталады.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы волейболдан Азия чемпионатында Австралияны жеңді – sport-hub