Қазақстан құрамасы отырып ойнайтын волейболдан әлем чемпионатында тарихи қола жүлде жеңіп алды

Бегасыл Амирбай ··
Спорт Министрлігі

Спорт Министрлігі

Қазақстанның ерлер құрамасы отырып ойнайтын волейболдан Қытайдың Ханчжоу қаласында 10–17 шілде аралығында өткен әлем чемпионатында қола медаль иеленді.

Қазақстандық команда C тобында Бразилия, Хорватия және Ирак құрамаларымен ойнап, топтық кезең қорытындысы бойынша екінші орын алып, плей-офф кезеңіне жолдама алды.

1/8 финалда Қазақстан құрамасы Польшаны 3:0 есебімен жеңсе, ширек финалда Руанданы дәл сондай есеппен ұтты. Жартылай финалда қазақстандық волейболшылар Иран құрамасына 0:3 есебімен есе жіберді.

Үшінші орын үшін өткен тартысты бес сеттен тұрған кездесуде Қазақстан құрамасы Бразилияны 3:2 есебімен жеңіп, өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.