Қазақстан құрамасы U18 жағажай волейболынан әлем чемпионатында өнер көрсетті

Бегасыл Амирбай ··
ҰОК

ҰОК

Қазақстандық спортшылар Нидерландының Гаага қаласында өткен 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жағажай волейболынан әлем чемпионатындағы өнерлерін аяқтады.

Ерлер турнирінде Қазақстан намысын Алихан Агабек пен Оразалы Сағыныш қорғады.

Топтық кезеңде қазақстандықтар Чили мен Эстония құрамаларын жеңіп, Литваға есе жіберді. Е тобының қорытындысы бойынша екінші орын алып, Қазақстан құрамасы 1/16 финалға жолдама алды, алайда бұл кезеңде Польша құрамасынан жеңілді.

Әйелдер турнирінде Қазақстан атынан Гаяна Галаш пен Мерей Кожахмет өнер көрсетті. Топтық кезеңде бұл жұп Латвия, Венесуэла және Канада командаларына есе жіберіп, плей-офф кезеңіне шыға алмады.

Жағажай волейболынан 18 жасқа дейінгі әлем чемпионаты 8–12 шілде аралығында Гаага қаласында өтті.