Қазақстан құрамасы отырып ойнайтын волейболдан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Паралимпиада комитетінің баспасөз қызметі

Фото: Паралимпиада комитетінің баспасөз қызметі

Қазақстан құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан отырып ойнайтын волейболдан әлем чемпионатында Польша құрамасын жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

1/8 финалдағы кездесуде қазақстандықтар Польша командасын 3:0 есебімен (25:18, 25:18, 25:20) ұтып, қарсыласына бірде-бір партия берген жоқ.

Турнирдің ширек финалында Қазақстан құрамасы 15 шілде күні Руанда командасымен кездеседі. Бұл ойында жеңіске жеткен команда әлем чемпионатының жартылай финалына шығады.

Айта кетейік, матчқа Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонс қатысты.

Еске сала кетейік, отырып ойнайтын волейболдан әлем чемпионаты Қытайдың Ханчжоу қаласында 10-17 шілде аралығында өтуде.

Қазақстан құрамасы отырып ойнайтын волейболдан әлем чемпионатының ширек финалына шықты – sport-hub