Қазақстан құрамасы отырып ойнайтын волейболдан Нидерландтағы турнирде күміс жүлде жеңіп алды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Dutch Tournament 2026

Фото: Dutch Tournament 2026

Қазақстанның отырып ойнайтын волейболдан ұлттық құрамасы Нидерландтың Ассен қаласында өткен Dutch Tournament 2026 халықаралық турнирінде күміс жүлдегер атанды.

Додаға Қазақстан, Германия, Нидерланд, АҚШ, Украина, Канада, Польша, Эстония және Италия құрамалары қатысты.

Топтық кезеңде қазақстандық волейболшылар Эстония, Польша, Канада және Нидерланд құрамаларын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, барлық төрт матчта жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.

Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Германияны 3:1 есебімен ұтып, финалға шықты.

Ал шешуші кездесуде қазақстандық спортшылар АҚШ құрамасына 1:3 есебімен есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдесін иеленді.

Айта кетейік, Dutch Tournament 2026 халықаралық турнирі 19-21 маусым аралығында Ассен қаласында өтті.