Қазақстан волейболдан Ұлттар кубогында Үндістанға есе жіберді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: AVC

Фото: AVC

Қазақстанның ерлер волейбол құрамасы AVC Nations Cup аясындағы топтық кезеңнің екінші матчында Үндістанға 0:3 есебімен жеңілді.

Кездесу алаң иелерінің 3:0 (25:16, 25:21, 25:15) есебімен жеңісімен аяқталды. Қазақстан құрамасынан ең нәтижелі ойыншы Владислав Мастихин болып, 16 ұпай жинады.

Екі турдан кейін Үндістан мен Бахрейн 6 ұпайдан жинап, A тобында көш бастап тұр. Қытайлық Тайбэй 3 ұпаймен үшінші орында, ал Қазақстан, Жаңа Зеландия және Австралия әзірге ұпайсыз.

Келесі матчта Қазақстан құрамасы Австралияға қарсы ойнайды.

Айта кетейік, турнир Үндістанның Ахмадабад қаласында 20–28 маусым аралығында өтіп жатыр.