Қазақстан ерлер волейбол құрамасы AVC Ұлттар кубогына қатысатын құрамын жариялады

ҚР ХОК
Турнир 20–28 маусым аралығында Ахмедабад қаласында өтеді.
Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы келесі командалармен ойнайды: Үндістан (21 маусым), Австралия (22 маусым), Қытай Тайбэйі (23 маусым), Бахрейн (25 маусым) және Жаңа Зеландия (26 маусым). Ал В тобында Катар, Оңтүстік Корея, Индонезия, Таиланд және Оман құрамалары өнер көрсетеді.
Құраманың бас бапкері Сергей Трикоз финалдық тізімге 14 ойыншыны енгізді.
Команда құрамында:
Байланыстырушылар: Нұрлыбек Нұрмахамбетов, Нұрлыбек Мақсат
Либеро: Муроджон Хавазматов, Ислам Асыл
Орталық тосқауылшылар: Айбек Жақсылықов, Дінмұхаммед Кабдулов, Әділжан Балтабаев, Антон Кузнецов
Диагональшылар: Диёрбек Икрамов, Илья Таволжанский
Доигровшылар: Азамат Сейілханов, Асылхан Избергенұлы, Клим Рюхов, Владислав Мастихин
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы Филиппинде өткен AVC Ұлттар кубогында төртінші орын алған еді.