Басты бет
·
Волейбол

Қазақстан U18 Азия чемпионатында Пәкістаннан жеңілді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: AVC

Фото: AVC

Қазақстанның жасөспірімдер волейбол құрамасы (U18) Азия чемпионатындағы екінші жеңілісіне ұшырап, Пәкістан командасына есе жіберді.

Чемпионаттың екінші турында Қазақстан құрамасы Пәкістаннан 0:3 есебімен жеңілді (14:25, 12:25, 9:25). Бұған дейін турнирдің алғашқы матчында қазақстандық волейболшылар Таиланд құрамасына 1:3 есебімен жол берген болатын.

Топтық кезеңнің екі турында Қазақстан құрамасы ұпай жинай алмай, С тобында төртінші орында қалып отыр. Келесі кездесуін қазақстандықтар 14 шілде күні Қырғызстан құрамасына қарсы өткізеді.

Еске сала кетейік, жарыс 12–18 шілде аралығында Қытайдың Хайкоу қаласында өтуде.