Қазақстан құрамасы параволейболдан әлем чемпионатына қатысады
Бөлісу

Қазақстанның параволейболдан ұлттық құрамасы 10–17 шілде аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысады.
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы С тобына түсті. Қарсыластары – Бразилия, Хорватия және Ирак құрамалары.
Қазақстан құрамасының матч кестесі:
10 шілде
12:00 – Қазақстан – Хорватия
11 шілде
11:30 – Бразилия – Қазақстан
12 шілде
08:30 – Қазақстан – Ирак
Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстан құрамасы АҚШ-тың Форт-Уэйн қаласында өткен Әлем кубогында қола жүлдеге ие болды. Ал 2026 жылдың маусым айында ұлттық құрама Нидерландтағы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алған еді.