Қазақстанның 18 жасқа дейінгі волейболшы қыздар құрамасы AVC кубогын алтыншы орынмен аяқтады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: AVC

Фото: AVC

Қазақстанның 18 жасқа дейінгі қыздар құрамасы Таиландтың Накхонратчасима қаласында өткен AVC U18 кубогында бесінші орын үшін өткен матчта Вьетнамнан жеңілді.

Кездесу вьетнамдық волейболшылардың 3:0 (25:21, 25:15, 25:23) есебіндегі жеңісімен аяқталды. Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирді алтыншы орынмен қорытындылады.

Жарыс барысында қазақстандық қыздар Гонконг (3:0), Қырғызстан (3:0) және Индонезияны (3:2) жеңді. Ал Қытайға (0:3), Оңтүстік Кореяға (1:3) және Вьетнамға (0:3) есе жіберді.

Айта кетейік, AVC U18 кубогы 1–7 шілде аралығында Таиландтың Накхонратчасима қаласында өтті.