Қазақстанның 18 жасқа дейінгі қыздар құрамасы AVC Кубогында Индонезияны бес партияда жеңді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: asianvolleyball

Фото: asianvolleyball

Қазақстанның 18 жасқа дейінгі қыздар құрамасы Таиландтың Накхонратчасима қаласында өтіп жатқан AVC Кубогының 5–8-орындар үшін матчында Индонезия құрамасын жеңді.

Қазақстандық волейболшылар алғашқы партияда жеңіліп қалды, алайда кейін қатарынан екі сетте басым түсті. Төртінші партияда қарсыластар есепті теңестірді, бірақ тай-брейкте Қазақстан құрамасы 3:2 есебімен жеңіске жетті (17:25, 25:23, 25:17, 21:25, 15:13).

Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы турнирдің бесінші орны үшін өтетін матчқа жолдама алды. 7 шілдеде олар Вьетнам құрамасымен кездеседі.

Бұған дейін AVC U18 Кубогының ширек финалында Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяға 1:3 есебімен есе жіберген болатын.