Қазақстандық төреші Азияның ең үздік волейбол арбитрі атанды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: kazvolley

Фото: kazvolley

Қазақстандық халықаралық арбитр Юлия Акулова дауыс беру қорытындысы бойынша 2026 жылдың Азиядағы ең үздік волейбол төрешісі атанды.

Дауыс беру нәтижесінде Акулова AVC Gala Awards Night тарихындағы алғашқы марапаттау рәсімінің лауреаты болды. Марапаттау 8 тамызда Бангкокта (Таиланд) өтеді. Айта кетейік, Юлия Акулова Қазақстандағы FIVB ұйымының ең жоғары А санатындағы жалғыз халықаралық төреші.

Бұған дейін ол Азия мен әлемнің жастар чемпионаттарында, ересектер және клубтық Азия чемпионаттарында, Ұлттар лигасының матчтарында, Олимпиадаға іріктеу турнирлерінде және 2025 жылғы әлем чемпионатында қызмет атқарған.

Қазақстандық төреші Азияның ең үздік волейбол арбитрі атанды – sport-hub