Қазақстан құрамасының волейболшысы Чехия чемпионатына ауысты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: спортшының Threads желісіндегі жеке парақшасынан

Фото: спортшының Threads желісіндегі жеке парақшасынан

Қазақстан әйелдер волейбол құрамасының шабуылшысы Жанна Сыроешкина Чехияның «Простеёв» клубының ойыншысы атанды.

27 жастағы волейболшы Чехиядағы ең атақты әйелдер клубымен келісімшартқа қол қойды. «Простеёв» – елдің 16 дүркін чемпионы.

Соңғы екі маусымда Сыроешкина Петропавлдың «Қуаныш» клубында өнер көрсетті. Команда құрамында Қазақстан чемпионатының күміс және қола жүлделерін жеңіп алды. Ал Қазақстан құрамасының сапында 2018 жылдан бері ойнап келеді.

Бұған дейін шабуылшы Қазақстанның «Алматы», «Тұран», «Алтай» клубтарында, сондай-ақ Түркияның «Михалчикспор» командасында өнер көрсеткен.